енді салық төлейтін болады
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілердегі жеке парақшалары арқылы сауда жасап жүрген азаматтарды салық төлеуге міндеттеді.
– Менің ойымша, төленетін сома аса көп емес. Жеке кәсіпкерлер төлейтін салық пен патент көлемі 3 пайыздан аспайды. Заң бәріне ортақ, бәрі де төлеуі шарт. Білетініміздей, сауда орындарында қызмет ететіндер бұл міндетті толық орындайды. Алайда, технологияның дамыған заманында интернет арқылы сауда жасайтын азаматтардың төлемеуі еш негізсіз, – деді мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.
Бұл істің бүгінге дейін не үшін қаралмай келгенін аталған комитет төрағасы о баста жіберген мұқиятсыздығынан болып отырғанын айтты.
– Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олардың көбісі келісімдерін берді. Біз оны тіркелгендердің көптігінен біліп отырмыз. Шақыру жібергендердің 99 пайызы кәсіпкер ретінде тіркелді әрі осыған байланысты кәсіпкерлік жұмысты жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда оларға еш наразылығымыз жоқ. Ендігі жыл қорытындысы бойынша, олардың салықтық міндеттерін қалай орындайтынын көреміз, – деді Дәулет Ерғожин.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»