• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2016

Күршімдегі келелі істер

329 рет
көрсетілді

Жуырда Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясынан және «100 нақты қадам» Ұлт Жос­парынан туындайтын тапсыр­малар аясында ауданның әлеу­­мет­тік-экономикалық дамуы туралы өңірлік коммуника­ция орта­лығында баспасөз мәс­лихатын өткіз­ген болатын. Күр­шімдіктер соңғы уа­қытта негіз­гі мем­ле­кеттік және са­лалық бағдар­ла­ма­ларды іске асы­ру бағытында бір­қатар оң көрсет­кіштерге қол жет­кізді. Биылғы І тоқсанда ауыл­шаруашылық өнімінің көлемі 2 млрд. 52,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6 пайызға өсті. Инвестиция индексі және бюджет түсімі де артып келеді. Өңір басшысы Даниал Ахме­товтің тапсырмасы бойынша, ауданда ағымдағы жылы 2 тауарлы сүт фермасын ашу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, «Айтқожа» шаруа кожалығы 50 бас сауын сиырға арналған тауарлы сүт фермасының ғимаратын салды. Биыл қажетті қондырғылары  орнатылған соң іске қосылмақ. Сүт бағытында ірі қара мал сатып алу үшін айтқожалықтар аталған жоба бойынша «Ырыс» бағдарламасы арқылы 30 млн. теңге несие алуға тапсырыс берді. Сондай-ақ, «Рахимов» шаруа қожалығы 100 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу үшін жобалық құжаттар дайындауда. Оның құрылысын шаруашылық иелері жеке қаражаты есебінен жүргізуді жоспарлап отыр. Осы екі тауарлы сүт фермасы келешекте сүт өнімдерін шығаратын кә­сіпорындарды толығымен сүтпен қамтамасыз етуге жол ашады. Ал Күршім ауылында сүт қа­былдау және сүт өнімдерін шығару цехын ашу үшін «Көкше» шаруа қожалығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 21 млн. теңге көлемінде шағын несие алды. Бұрынғы май зауыты болған ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық  аяқталды. Сүт қабылдау цехына қажетті қондырғылар сатып алынды. Цехқа қажетті инфрақұрылым желілерін тарту үшін жоба иесі 21 млн. теңгенің жобалық құжат­тарын әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін құзырлы органдарға жолдады. Ауданда орна­ласқан мемле­кет­тік мекемелер, оның ішінде, білім беру меке­ме­леріне – 32, денсаулық сақтау меке­мелеріне – 3,7, 2535 әскери бө­ліміне – 30, аудан хал­қын сүтпен қам­тамасыз етуге 70 тоннаға жуық сүт қажет. Жалпы, ауданға 136 тоннаға жуық сүт ке­рек. Сүт зауыты толық қуаты­мен жұмыс істегенде 9 түрлі сүт өнім­дерін шығаруға жағ­дай туады, деді аудан әкімі Сей­сенғазы Жұмағалиұлы. Сондай-ақ, күршімдік шаруа қожалықтары ет өнімдері өндірісін дамыту бағытында бірқатар мем­лекеттік бағдарламаларға қаты­суда. Мәселен, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы был­­тыр «Сыбаға» бағдарламасы негі­­зінде 105 бас аналық, 7 бас бұқа сатып алынды. «Құлан»  бағ­дар­ламасы бойынша 334 бас жыл­қы алынып, оның жалпы құны 97,9 млн. теңгені құрады. Бұл жұ­мыстар биыл да жалғасын тап­пақ. Ағымдағы жылы «Сы­баға» бағдарламасы арқылы ет бағытындағы 350 ірі қара мал са­тып алу жоспарланған. Ал «Құ­лан» бағдарламасы арқылы ет бағы­тындағы 280 бас жылқы, оның ішінде 19 асыл тұқымды ай­ғыр сатып алу жоспарланып отыр. 2015 жылы мемлекет тарапынан мал шаруашылығымен айналысатын 104 шаруа қожалығына – 240,7 млн. теңге, өсімдік шаруашылығымен айналысатын 58 шаруа қожалығына 32,9 млн. теңге субсидия және 38,4 млн. теңге инвестсубсидия берілді. Қазір ауданда 20 асыл тұқым­ды шаруашылық жұмыс істейді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданның 92 шаруа қожалығы тұқымдық түрлендіруге қатысады. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 61-қадамында көрсетілгендей, ет өндірісі мен өңдеуді дамыту мақсатында шағын және орта бизнесті несиелендіруге байланысты бірқатар жобалар іске асырылуда. Айталық, «Арын» шаруа қожалығының иесі Бақытжан Баймұхамбетов «Шұжық және кон­серві өнімдерін шығару» жобасын іске асыруға жеке қаражаты есе­бінен 30 млн. теңге көлемінде цех ғимаратын салып, электр желі­сіне қосу жұмыстарын аяқ­тады. Көкейкесті мәселенің бірі – жер. Ауылдық округ әкімдеріне жерді тиімсіз пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған шаруа қожалықтары туралы аудан әкіміне ұсыныс беру туралы тапсырмалар берілді. 2015 жылы аудан бо­йынша ауылшаруашылық жерлері түгендеуден өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен 47 шаруашылық құрылымдарымен жасасқан жалға беру туралы келісімшарттарды бұзу арқылы 15,3 мың гектар жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде 2,3 мың гектар суармалы егіндік жер телімдері бар. Ал, 2016 жылдың І тоқсанында пайдаланылмай отырған жалпы ауданы 287 гектарды құрайтын 6 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды. Аудандағы 1007 шаруа қожалығының ешқайсысында жерге орналастыру жобасы жоқ. Сондықтан, жерді ұтымды пайдалану мақсатында 75 ірі шаруа қожалығына шаруашылық ішінде жерге орналастыру жобасын дайындату үшін ұсыныс хаттар жолданды. Қазіргі уақытта 6 шаруа қожалығы ауданы 10 771 гектар жер учаскелеріне шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларын дайындады. Қосымша 18 шаруа қожалығы ауданы 21 мың 96 гектар жер учаскелеріне шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жоба­ларын да­йын­датуға тапсырыс берді. Ауыл­ша­руашылық өндірісін дамыту үшін жалпы ауданы 13 396,9 гектар жер учаскелері табысталып, жаңадан 10 шаруа қожалығы құрылды. – Ауданда 55 808 гектар жаз­дық егістік алқабы бар. Об­лыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл 25 984 гектар жерді толы­ғымен игеруге мүмкіндігіміз бар. Сонымен бірге, сараптама жасай отырып, қосымша жерді  31 370 гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық, – деді аудан басшысы. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы