• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2016

Сәтті жүзеге асырылған жоба

267 рет
көрсетілді

Бүгінде Индустрияландыру кар­тасының жобалары өзінің жемісін беруде. Ұйғыр ауданындағы «Шон­жы Агро» ЖШС-нің жеміс алқа­бы сәтті жүзеге асырылған сол жо­балардың бірі. Бұдан бір жыл бұрын аудан кәсіпкерлері сүйекті жеміс-жидек шаруашылығымен айналыса­мыз деп мүлде ойламаған еді. Ша­руалар дер кезінде Ұлттық кәсіп­кер­лер па­латасының көмегіне жүгініп, са­рап­­шылар оларға қолға алатын іс­тің нәтижелі жолдарын көрсете білді. – Біз «Шонжы Агро» ЖШС үшін бизнес-жоспар жасап бердік, заңгерлер болса құрылтайшылық құжаттарын әзірлеуге көмек көр­сетті. Индустрияландыру картасына өндіруші ретінде тіркелуге көмек беріліп, одан кейін Өңірлік несиелік кеңес компания үшін 800 гектар жер бөлді. Кәсіпкерлер енді үш жылдың ішінде аталған аумақты толық игермек. Биылғы жылы 100 гектар жерге өрік пен шабдалы отырғызу жоспарланған, – дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ұйғыр аудандық филиалының директоры Мүслім Амангелді. Оның айтуынша, өңір климаты жылдың барлық мезгілінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, осы көктемде 30 гектар жерге жеміс түрлері отырғызылды, қалған 70 гектар жер күзге қарай игеріледі. Бір жыл ішінде 400 тонна жеміс түрлерін өндіру жос­парланған. Алматы облыстық кә­сіп­керлер палатасының жо­балар­ды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Дана Қалықованың сөзіне қарағанда, өнімнің бұл көлемі бірқатар өңірді толықтай қамтамасыз ете алады. – 2018 жылы кәсіпкерлер жаңа шырын өндіру зауытын ашу­ды жоспарлап отыр. Кон­сер­вант­сыз та­биғи таза өнім шыға­рыл­мақ. Кон­центраттарды шырын және джем өндіру үшін компа­ния­­ларға жеткізіп беруге ниетті. Мәсе­ленің өтімділігінен іске асыру жолы өз шешімін тапты. Шет мем­лекеттер біздің өнімдерді тұты­нуға мүдделілік танытуда, – деді ол. Биыл Ұйғыр ауданында 261 гек­тарды құрайтын жаңа бау-бақ­ша телімдері мен алқаптары пайда­ болды. Ауданда шағын кәсіп­кер­лік­тің 6 мыңнан астам өкілі бар екен. Сондай-ақ, Кәсіпкерлер пала­тасының Ұйғыр аудандық филиалы тері және жүн өнімдерін өңдеуге арналған зауыттың қыз­метіне де белсене қолдау көрсетті. Сонымен, Кәсіпкерлер палатасы өнімдерді сақтау қоймасына арналған электрлі тасымалдау және сумен жабдықтау үшін қосымша жер телімі бөлінуіне көмек көрсетті. Кәсіпорын тәулігіне 3,5 тонна ұсақ мал жүнін өңдейді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы, Ұйғыр ауданы