• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2011

Жауапты шақ

370 рет
көрсетілді

Ақжайықта актив өткізіліп, онда Батыс Қазақстан облы­сы­ның әкімі Б.Ізмұхамбетов Ел­басы Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақ­стан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер жөнінде баяндама жасады. – «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деген тақырыппен барша қазақстандықтарға жол­дан­ған Елбасының биылғы Жол­дауы сындарлы, тарихи әрі өте жауапты шақта жүректерге жол тартты. Осынау жылдың бас­ты құжатының әр тармағы мен  әр жолы бәрімізге үлкен жауап­кершіліктер жүктейді. Би­ылғы Жолдаудың басты ерек­шеліктерінің бірі – қарапайым тұрғындардың мүдделері мен мұң-мұқтаждары жан-жақты кө­рініс табуында. Бүгінгі басты мін­дет – Жолдауда қойылған талаптарды іске асыру. Мұндай жағдайда ырғалып-жырғалып жүруге уақыт жоқ. Әр күніміз санаулы, – деп тұжырым жасады облыс басшысы. Одан әрі ол Жолдауды облыс жұртшылығы бірауыздан толық қолдайтынын айта келіп, оны іске асырудан туындайтын міндеттерді жергілікті мемлекеттік органдарға  шегелей тапсырды. Активте Орал  қаласындағы №1 емхананың дәрігер-эндо­кри­нологы Тамара Левчик денсаулық сақтау саласына қатысты Елбасы қойған талаптар үдесінен шығу жөніндегі өз пікірін ортаға сал­ды. Жергілікті жағдайда сани­тарлық авиация қызметі мен бас­тапқы медициналық көмек көр­се­туді одан әрі жақсарту жөнінде ұтымды ұсыныстар білдірді. Сон­дай-ақ Батыс Қазақстан облыс­тық ауыл шаруашылығы басқар­масы бастығының орынбасары Есмадияр Жұмабаев  аграрлық секторда  Жолдауда қойылған  жа­ңа міндеттерге сәйкес  жаңа­ша іс-қимыл таныту қажеттігін айт­ты. Бұдан соң аға ұрпақ өкіл­дері атынан тарихшы-өлке­та­нушы Жайсаң Ақбай  мінберге көтері­ліп, тәуелсіздіктің  қадір-қасиеті, оны көздің қарашы­ғын­дай сақ­тап қана қоймай, одан әрі ны­ғайта түсу жөнінде ағалық әрі ақ­сақалдық тұрғыда толымды түй­ін жасады. Тәуел­сіздіктің ал­ғашқы қазығын қаққан бүгінгі  Президентіміз Нұр­сұлтан Назарбаев. Тәуел­сіздік тарихы Елбасы есімімен тығыз байланысты, деп өз ойын қорытты өлке та­рихының тамыршысы. Активке ҚР Президенті Әкім­шілігінің мемлекеттік инс­пек­торы Алтай Көлгінов қаты­сып, сөз сөйледі. Облыс  активіне қа­тысушылар талқыланған мәселе­ге  орай тиісті қарар қа­былдады. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.