• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Жемқорлықпен күрес жайы айтылды

262 рет
көрсетілді

Кеше Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекеттік қызмет істері ведомствосының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың қатысуымен бейнеконференция режіміндегі кеңейтілген кеңес өткізді. Аталған шараға еліміздің он төрт облысы мен Алматы қаласындағы тиісті органдар тікелей режімде қосылды. Отырыста еліміздің инвестиция және даму саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізу мәселесі талқыға түсті. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегия­сы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы алға қойған міндеттерін іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Ең басты міндет – қоғамда сыбайластыққа төзбеушілік орта қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сана-сезімін арттыру, бизнесте өзара сенімге құрылған жауапкершілік пен әріптестік негізде аталған әлеуметтік кеселмен күресу. Бұл мақсатта Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары қарастырылған. Онда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, электронды форматтағы рұқсат құжаттарын беру жайын оңайлату, көлеңкелі экономикамен күрес сияқты маңызды міндеттер қамтылып отыр. Бұл ретте 2015 жылы министрлік тарапынан коррупцияға қарсы күрес кеңесі құрылғандығын қаперге сала кеткен жөн. Ведомстволар мен өңірлердегі сыбайластыққа қатысты деректер бойынша 2015 жылы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 21 қызметкер, ал 2016 жылдың бес айы ішінде қылмыстық жазаға 7 адам тартылған. Мұның барлығы бақылаушы орган мен шағын бизнес субъектілері арасындағы тікелей байланыстан осындай сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындайтындығы белгілі болды. Сондықтан да, барлығын автоматтандыру, нақты бақылау орнату мен уақыт белгілеу мәселелері жан жақты талқыға түсті. «Егемен-ақпарат»