• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Үндеуге қол қою рәсімі өтті

328 рет
көрсетілді

Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының жұмыс тобының кезекті отырысы аясында Қазақстанның жетекші діни бірлестіктерінің басшыларының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі үндеуге қол қою рәсімі өтті. Үндеуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Қазақстан православие шіркеуінің, Рим-католик шіркеуінің және Қазақстанның иудей қауымдастығының басшылары қатысты. Қабылданған үндеуде экстремизм мен терроризм идеология­сына қарсы тұруға, қоғамдық тұрақ­тылықты сақтауға, сонымен қатар, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолын­дағы этносаралық және конфес­сияаралық келісімді одан әрі нығай­туға жұмылдырылған бірлескен күш-жігердің маңыздылығы атап көрсетілген. «Біз, Қазақстанның жетекші діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің бастамаларына қолдау білдіре отырып, экстре­мизм мен терроризмнің кез келген көріністері мен түрлерін үзілді-кесілді қабылдамаймыз, зорлық-зомбы­лықтың кез келген түрін діни тұрғыдан ақтау әрекеттерін айыптаймыз. Дін мен экстремизмнің үйлеспейтінін мәлімдейміз, жазықсыз адамдардың өліміне әкеліп соғатын әлемнің түрлі аймақтарында орын алып жатқан қатыгез террористік әрекеттерге үлкен алаңдаушылық білдіреміз», делінген үндеуде. «Егемен-ақпарат»  
Соңғы жаңалықтар