• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Көк байрақ 92 метрде желбіреген күн

1449 рет
көрсетілді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Талдықорғанда Мемлекеттік ту ерекше тұғырға орнатылып, 92 метр биіктікте желбіреді. Бұл өлшемнің мағынасы сол, 1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер қабылданғандықтан, Көк байрақтың биіктігі 92 метр­ге көтеріліп тұр. Ал тудың ұзындығы – 25 метр, ені – 12,5 метр. Салтанатты жиынды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Елбасының «Біз Тәуелсіздікке қол жеткіздік, енді сол Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы тиіс», – деген сөзімен ашып, Көк байрақты Талдықорған төрінде желбіретті. Сонымен Алматы, Астана қалаларындағыдай алып тұғырлы Ту Талдықорған төрінде де көтеріліп, жетісулықтар мерейін тасытты. Күн санап сәні кіріп, салтанаты тасыған Жетісудың кіндік қаласының кіреберісінде желбіреген Ту жарыса бой көтерген он - он екі қабатты ғимараттардан еңсесі әлденеше есе асып тұрғаны көрген жанды сүйсінтіп, атына заты сай екендігін айқын аңғартады. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» ТАЛДЫҚОРҒАН