• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2011

Шымкентшабыт

423 рет
көрсетілді

«Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін», деген Елбасының жаңа Жолдауындағы жарқын сөзін «Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік» атанған өңірдің жұртшылығы айрықша сезіммен қарсы алды. Сіздің тілшіңіз облыс орталығындағы алуан түрлі ұжымдарда болған еді. Айтылып жатқан ой-пікірлерді Шымкентшабыт деуге әбден лайық. * * * ЗАУЫТТА......................................... Қыдырәлі ҚУАНДЫҚОВ, «Қайнармай» зауытының ауысым бастығы: – Жолдауда индустрияландыру өңірлік сая­сат­тың жаңа парадигмасын қалып­тасты­раты­ны, өңірлерді дамытуға баса назар аудары­ла­ты­ны айрықша айтылған. Бәрі­міз­дің де бүгінгіден әлдеқайда жақсырақ, дәу­леттірек өмір сүргіміз келеді. Елбасымыз ылғи да кәсіпкерлікке керемет көңіл бөледі. «Мен бизнес қуатты болса, мем­лекет те қуатты деген қағидатты жақтау­шы­мын»,  деді Президентіміз өзінің Жол­дауында. Осы сөздің өзі бізге қанат бітірді. «Қай­нар-май» бірталай жылдан бері өсімдік майын өндіреді. Май шығаратын зауыттан басқа көптеген салаларды дамытумен де ай­налысамыз. Еңбегіне сенгеннің еңсесі биік екені аян. Елбасымыздың көрегендігі, Тәуелсіз­діктің 20 жылдығы жаңа белестерге құлшындырады. * * * КОРПОРАЦИЯДА................................ Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА, «Береке» корпорациясының бас директоры, ОҚО мәслихатының депутаты: – Елбасымыздың жыл сайынғы Жол­дауы – «Береке» корпорациясы үшін үлкен мереке. Біздің бизнесіміз тәуелсіздігіміздің әуелгі жылдарынан-ақ Тұңғыш Президенті­міз­дің қалтқысыз қамқорлығымен көркейіп келеді. Әрине, қиындықтар, күрделі жағ­дайлар көп кездесті. Солардың бәрін жеңуде біз Мемлекет басшысының жылуарлы жәр­демін сезініп, жігерленіп жүрдік. Бүгінде «Береке» бүкіл елге белгілі. Автомобиль жол­дарын, көпірлер салуда, жалпы құрылыс бизнесінде алдыңғылар сапындамыз. Ма­ман­дарымыз­дың шеберлігін шет елдерде және өзімізде шың­даймыз. «Биз­нестің әлеу­меттік жауапкершілігі» бағ­дар­ламасы бойынша да ел алғысына бөленудеміз. Президентіміздің жаңа Жолдауы «Бола­шақтың іргесін бірге қалаймыз» деп ата­лады. Ал ірге, іргетас қалаудың қадір-қа­сие­тін біздің «Береке» ұжымы терең түсінеді. * * * ФАБРИКАДА......................................... Жұмагүл БАЙЖАНОВА, «Меланж» фабрикасы тігін өндірісінің бастығы: – Біздің фабриканың ұжымында «Болашақ­тың іргесін бірге қалаймыз» атты жаңа Жолдау жан-жақты талқылануда. Бәрінің де білдірер ой-пікірлері жоқ емес. Бәрінің де ынта-ықы­ластары жоғары. Тұрақты жұмыс орын­да­ры, жақсы табыстары, жарасымды тұрмыстары үшін елдік ауызбіршілікке, тұрақтылық пен бейбітшілікке, сайып келгенде, Ұлт Көш­бас­шы­сының келешекті кемел болжайтын байып­ты­лығына алғыс жаудырады. «Меланж» фаб­ри­касының қол жеткізген нәтижелері бұрыннан-ақ белгілі. Қазір бізде 650 адам жұмыс істейді. Көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті еңбек етеді. Шымкент шырайына риясыз ризалық рай қоса береміз. * * * УНИВЕРСИТЕТТЕ................................ Жұмабек БАХОВ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры: – Елдің өсіп-өркендеуі білім мен ғылымның деңгейіне тікелей байланысты. Білімнің жоғары, сапалы, заман талабына сай болуы үшін ғылымның жаңа жетістіктеріне, соңғы серпілістеріне сүйенуі керектігін әлемдік тәжірибеден жақсы білеміз. Қазірге дейін бізде білім мен ғылым бөлектеу, дербестеу дамып келді. Сон­дық­тан нақты тәжірибе мен мамандарды теориялық дайындау арасында едәуір алшақ­тық болғаны рас. Енді осы олқылықты түзету мақсатында мамандарды білім мен ғылым ұнасымды үйлескен ортада даярлауға бетбұрыс жасалуда. Елордадағы «Назарбаев Университеті» білім мен ғылым біте қайнап-пісетін, бірге өріс алудың өнегесі болатын инновациялық модельге айналмақ. Білім саласының 2020 жылға дейінгі мемлекеттік даму бағдарламасы, «Ғылым туралы» заң енді, міне, ерен құжат Елбасы Жолдауы – бәрі елімізді биік белестерге жетелейді деп сенеміз. КОЛЛЕДЖДЕ...................................... Гүлзат ЫСҚАҚОВА, Шымкент көлік-коммуникация және жаңа технологиялар колледжі директорының орынбасары: – Колледжімізде Президент Жолдауы қызу талқыланып, қолдау табуда. Жаңа Жолдауда білім берудің сапасын арттыру және қол­жетімділігін кеңейту үшін білім беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржылық-экономи­ка­лық құралдарын енгізу жағдайы, элек­трон­ды оқытудың пайыздық көрсеткіштеріне дейін нақтыланған. Бүгінгі таңда біздің колледжде 2600-ге жуық жас өрен автомобиль көлігі, көтеру-транспорттық жол мәшинелері, тасы­мал­дау­ды ұйымдастыру, темір жолдың жыл­жы­малы құрамдарын жөндеу және техни­ка­лық күту, автоматика, телемеханика және көлік қоз­ға­лысын басқару, мұнай-газ стансалары сала­ла­ры бойынша түрлі мамандықтарды игеруде. Бұлардың бәрі де, Жолдау тұрғысынан қарағанда, болашақ­тың іргесін қалауға аса қажетті, ділгір мамандықтар. Жастар да, ұстаздар да мұны бағалай біледі. Колледжде 150-ден аса оқытушы еңбек етеді. Бәрі де шәкірттермен бірге Елбасының Жолдауын зейін қойып, зерделей оқу үстінде. Міне, қайда барсаңыз-дағы бақ-бере­кеге, ырыс-құтқа, Қазақ елінің бола­ша­ғына нық сенген отаншылдардың ой-са­на­сындағы сәулелі сергектікті байқай­сыз. Шым­кентке көктем жылдағыдан да ертерек келе жатқандай жайдар­мандықты сезінесіз. Мархабат БАЙҒҰТ. Оңтүстік Қазақстан облысы.