• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2016

Қостанайда «Мерейлі отбасы» байқауы жеңімпазын анықтады

367 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 5 мамыр. Қостанайда биыл «Мерейлі отбасы» байқауы үшінші рет өткізілді. Солодовтар отбасы енді республикалық байқауда қостанайлықтар намысын қорғайтын болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Байқау барлық жердегі секілді үш аталыммен өтті. Осы үш аталым бойынша аудандар мен қалаларда 172 отбасы өзінің бағын сынап көруге ұсыныс берген болатын. Солардың арасынан 20 отбасы облыстық байқауға қатысты. Алдымен «Өнегелі отбасы» аталымы бойынша Таран ауданынан үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған Марат пен Гүлсім Шоңғаловтар отбасы жеңімпаз атанды.Оларға арнайы диплом мен 150 мың теңге табыс етілді. «Парасатты отбасы» аталымы бойынша Жангелдин ауданының тұрғыны, бес бала тәрбиелеп өсірген Бейбіт пен Қапуза Жүсіпбековтердің отбасы жеңіске жетті.Оларға да диплом мен тұрмыстық техника алуы үшін 150 мың теңге табысталды. Ал «Мерейлі отбасы» аталымында Қостанай қаласында тұратын Григорий мен Фәния Солодовтардың мерейі үстем болды. Орыс Григорий мен қазақ қызы Фәния осыдан 56 жыл бұрын танысып, шаңырақ көтерген еді. Олар екі бала тәрбиеледі. Қазір олардың шаңырағында төртінші ұрпақ өсіп жатыр, Солодовтар шөбересін сүйіп отыр. Солодовтар әулетінде 49 награда, көптеген алғыс хаттар сақтаулы, отлардың жалпы еңбек өтілі 195 жылға жетіпті. Бес жыл бұрын Григорий ақсақл мен Фәния апамыз алтын тойын тойлады. Солодовтардың ұлы Валерий Солодов: «Ата-анам - менің үлгім, мақтанышым. Отбасында береке болса, мемлекетімізде де тәртіп, байлық болады», – деді. Солодовтарға диплом мен 300 мың теңге сыйлық тарту етілді. Енді бұл отбасы республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына Қостанай облысы атынан қатысатын болады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: egemen.kz.