• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2016

Оңтүстік өңірдің әкімі бірінші рет көшпелі алқа жиынын өткізді

302 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 5 маусым. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың төрағалық етуімен бірінші рет көшпелі алқа мәжілісі өтті. Сарыағаш ауданында ұйымдастырылған оған облыс әкімдігі аппаратының, барлық аудандар мен қалалар әкімдері, облыстық басқармалар басшылары қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Оның бірі 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын талқыласа, екіншісі республикалық және облыстық жолдар бойындағы инфрақұрылым дамуы туралы болды. Жиында сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу және сегменттелген жерлерді қалпына келтіру бойынша жүргізілген жұмыстар барысы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде де әңгіме айтылды. Көшпелі жиын бұлардан бөлек Сарыағаш ауданының даму жайына да барлау жасады. Аталған тақырыптар аясында облыс әкімінің тиісті салаға жауапты орынбасарлары мен тиісті құрылымдар басшылары баяндама жасады. Жиын барысында аймақ басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасын орындауда құрылыс нысандарының нормасын бұзған және кестеден кешіккен Түркістан, Қазығұрт, Сарыағаш аудандары мен Шымкент қаласының әкімдерінің жұмысын сынға алды. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету саласына да көңіл толмастық білдірді. Ол бұл ретте Түркістан қаласы әкімінің жұмысына айрықша үңіліп, жиында айтылған сындардан тиісті қорытынды шығаруды тапсырды. Отырыста аймақ басшысы кейбір аудандар мен басқармалардың даму стратегиясының жоқтығына қынжылыс танытты. Енлді беріліп отырған тапсырмаларға сәйкес кемшіліктер жылдың бірінші жартысында жойылуы тиіс. Сарыағаш ауданына сапары кезінде аймақ басшысы осы күні жаңадан ашылған «Яссы Нан» ЖШС мен аудандық сот ғимаратының, сонымен бірге, жергілікті полиция бөлімі мен судан құтқару қызметінің ғимаратын аралап, жұмысымен танысты. Ол бұдан әрі Өзбекстанмен шебіндегі «Жібек жолы» шекара бекетіне арнайы барды. Жұмыс сапары аясында облыс басшысы ондағы кедендік қызмет көрсетуді, бақылау жүйесін жаңартуды және инфрақұрылым мәселесін реттеуді тапсырды. Айта кету керек, аудандар мен қалалар арасында тәжірибе алмасып, ондағы әкімдерге қатысты өзекті мәселелерді қарастыруды мақсат тұтқан мұндай көшпелі жиындар алдағы уақытта да өтетін болады. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар