АСТАНА. 5 маусым. Ақтөбе қаласындағы екі ҰБТ бекетінде сынақ тапрсыру 6 маусымнан 7 маусымға ауыстырылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе қаласындағы екі Бірыңғай ұлттық тестілеу бекетінде 6 маусым күні тапсырылатын сынақты 7 маусымға алмастыру жөнінде шешім қабылдады», – делінген ведомство хабарламасында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш алмастыру тек Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде орналасқан № 835 бекеті мен С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті ғимаратында орналасқан № 715 Бірыңғай ұлттық тестілеу бекеттеріне ғана қатысты жасалып отыр.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.