Қостанайда «Менің әкем – ең жақсы әке» атты балалар байқауы өтті. Осы тақырыпқа шығарма жазған балалар күшті, мықты, қамқор, мейірімді әкесі туралы әңгімелейді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, осы байқауды ұйымдастырушылардың бірі Лилия Саркисянның 82 шығарманы оқып шығуына тура келді.
Облыс орталығындағы №21 мектептің 3 сынып оқушысы Руслан Сағымбаев бірінші орынды иеленді. Руслан папасымен ылғи бірге жүретінін, ұлдардың құпиясын бөлісетіндігін және ақыл-кеңес алатынын айтыпты. Л.Саркисянның айтуынша, ұлдардың басым көпшілігі ылғи әкесімен бірге болғысы келетіндігін жазған.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА.
Қостанай.