АСТАНА. 7 маусым. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев Ақтөбе қаласындағы №8 шағын ауданда террорлық әрекетке ұқсас оқиға орын алғанын, онда мылық атылғаны туралы таратылған ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы mail.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев бүгін Ақтөбеде террорлық әрекетке ұқсас оқиғаның орын алғаны, тұрғындардың мылық дауысын естігені жайындағы ақпаратты жоққа шығарды.
«Растамаймын. Ақтөбеде бәрі дұрыс», – деді ол.
Сонымен қатар, облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері де аталған ақпараттың жалған екенін растады.
Айта кетейік, бүгін қаладағы №8 шағын ауданда атыс орын алып, тұрғындар 1 сағаттан астам уақыт бойы ағайынды Жұбановтар мен Әлия Молдағұлова көшесінің қиылысынан өткізілмегені туралы ақпарат таратылған болатын.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: mail.ru.