• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2016

«Жәрдем» – Орал өңірінде

268 рет
көрсетілді

Кешенді диагностикалық кө­мек көрсету, диагностикалық құрал-жабдықтарды, аппаратураларды пайдалана отырып, ла­бораториялық, қызметтік, құ­рал-саймандық әдістермен емде­лушілерді тексеру, міндетті меди­циналық тексеруден өткізу  және басқа да дәрігерлік шаралар­ды өткізу үшін еліміздің барлық облыс­тарын аралап жүрген «Жәрдем» пойызы Орал өңіріне атбасын бұрды. Төрт емдеу-диагностикалық вагоннан тұратын пойыз-керуен­нің құрамында терапевт, невропатолог, гинеколог, окулист, педиатр, лор, уролог, хирург, онколог, травматолог сияқты мамандар бар. Соңғы үлгідегі медициналық құрал-қондырғылармен жабдық­талған пойыз бұған дейін өңірі­міздің Семиглавый мар, Тасқала, Деркөл стансаларында болған. Күні бүгінге дейін дәрігерлер 600-ге жуық адамды тексерістен өткізіп үлгеріпті. Переметный ауы­лында екі күн аялдайтын пойыз одан әрі Белес, Алғабас, Шың­ғырлау стансаларына соғып, Ақтө­беге, сосын Атырауға қарай  жол  тартпақ. Түгелбай БИСЕН Батыс Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар