• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-3/724 

277 рет
көрсетілді

2015 жылғы 5 тамыз, Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 06-3/306 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 06-3/306 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7023 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 303-304 (26698) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын; 2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналас­тырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ
Соңғы жаңалықтар