• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:45

Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті

30 рет
көрсетілді

Астананың №36 мектебінде оқушылар арасындағы төбелес қоғам назарын аударды. Ал кейбір ата-аналар мектеп әкімшілігінің әрекетін сынап, мектеп директорының жұмыстан кетуін талап етті. Балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық ахуалына әсер еткен жағдайға ата-аналар ашық наразылық білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Желіде тараған хабарламада ата-аналар мектеп әкімшілігінің төбелесті толық және объективті тергеудің орнына, жоғары сынып оқушыларының телефондарындағы видеожазбаларды жоюға тырысқанын алға тартты. Олар бұл әрекетті басшылықтың жауапсыздығы және балаларға қысым көрсетуі ретінде бағалады. Ата-аналардың айтуынша, оқушылар мектепте қысым көргендіктен, психологиялық ахуалы нашарлады. Олар мектеп директорын өз міндетін дұрыс атқармай отыр деп есептеп, қызметінен босатуды талап етті.

АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты

Астана білім басқармасының хабарлауынша, төбелеске қатысқан оқушылар ішкі мектептік есепке қойылып, профилактикалық әңгімелер жүргізілген, сондай-ақ психологпен жұмыс ұйымдастырылған. Ал мектеп басшылығына сөгіс жарияланған-ды.

Сонымен қатар, ата-аналар кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, ал осы жағдай бойынша қалалық полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды.

Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды

 

Соңғы жаңалықтар