• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент Бүгін, 12:44

Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды

20 рет
көрсетілді

Мәжілісте жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға енгізілетін өзгерістер талқылануы барысында депутат Азат Перуашев арнайы салық режимі бойынша бірыңғай мөлшерлеме енгізу мәселесін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда кейбір өңірлерде облыс орталықтарында арнайы салық режимінің мөлшерлемесі 2-3 пайызға дейін төмендетілген, ал аудандарда ол 4 пайыз деңгейінде сақталған.

Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты

Осы жағдай кәсіпкерлердің облыс орталықтарына тіркелуіне түрткі болып, нәтижесінде аудандар бюджетіне түсетін салық түсімдерінің азаюына әкеліп отыр.

«Кәсіпкерлер үшін облыс орталығында тіркелу тиімдірек болып отыр, ал бұл аудандардың кірісін азайтады. Бұл диспропорция. Бастапқыда біз арнайы салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынғанбыз», деді Азат Перуашев.

Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін

Ол бұл мәселені алдағы уақытта Салық кодексіне өзгерістер енгізу барысында қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, жаңа Салық кодексі жобасында арнайы салық режимі бойынша базалық мөлшерлеме 4 пайыз деңгейінде белгілеу ұсынылған. Сонымен қатар мәслихаттарға оны өңір мен қызмет түріне қарай 2-6 пайыз аралығында өзгерту құқығын беру қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар