• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2016

Сенім грамотасын тапсырды

249 рет
көрсетілді

Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Төтенше және өкілет­ті елшісі, БҰҰ-ның Жене­ва қаласындағы бөлім­шесі мен басқа да халық­аралық ұйымдар жанын­дағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова БҰҰ-ның Жене­ва қаласындағы бөлімше­сінің бас директоры Майкл Мёл­лерге Сенім грамотасын тапсырды. Қазақстан дипломаты БҰҰ бө­лімшесінің басшысын Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан На­зар­баевтың 2015 жылғы қыр­­күйекте БҰҰ Бас Ассам­блеясының 70-ші сессиясы барысында жариялаған бастамаларынан хабардар етті. Ж.Айтжанова сұхбаттасымен БҰҰ және Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өзара ықпалдастықты ілгерілетудің келешегін талқылады. Ол адам құқықтары, әйел­дердің қоғамдағы рөлін нығайту және олардың құқықтарын қорғау, экономика, қоршаған ор­таны қорғау, «жасыл» технологияларды қолдануда өза­ра ықпалдасуды тереңдету, сон­дай-ақ, жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы ын­тымақтастықты кеңейту сияқты мәселелер бойынша БҰҰ-мен бірлесіп жұмысты жалғастыруға Қазақстанның әзір екендігін атап өтті. Ж.Айтжанова Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Роберто Азеведоға да Сенім грамотасын тапсыр­ды. Тапсыру рәсімінен кейінгі кез­десу барысында Қазақстан үшін маңызы зор көпжақты келіс­сөздер үдерістері шеңберінде талқыланып жатқан мәселелердің ішінен халықаралық сауданы реттеу саласындағы жағдай бойынша пікір алмасу болды. Р.Азеведо өзінің жақында елімізге жасаған сапары барысында Қазақстанның сауда ресімдерін жеңілдету бойынша келісімнің ратификацияланғанын қанағатпен атап өтті. Сонымен қатар, ол қазіргі кезге дейін Интеллектуалды меншікті қорғау жөніндегі келісімге ДСҰ-ға мүше елдердің 62 пайызы қосылғанын хабарлай отырып, Қазақстан тарапы аталған құжатты жуық арада ратификациялау мүмкіндігін қарастырса деген өтінішін білдірді. Бұған қоса, Р.Азеведо Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық ма­мандандырылған көрмесінің жұмысына қатысуға қызығу­шылығын жеткізді. Қазақстанның Тұрақты өкілі Ж.Айт­жанова еліміздің ДСҰ-ның жаңа мүшесі ретінде ұйым­ның жұмысына белсенді қаты­суға деген ниетін қуаттады және бұл қадамның Қазақстан Рес­публикасының ғана емес, барша көпжақты сауда жүйесінің мүд­десіне қызмет ететінін атап өтті.  «Егемен-ақпарат»