• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:15

Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады

40 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмыспен қамтудың жаңа тетіктері талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев инклюзивті еңбек нарығын дамыту және қолдаудың проактивті моделін енгізу жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, биылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квота саны айтарлықтай артады. Сондай-ақ министрлік биылғы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін ұйымдар тізбесін цифрлық есепке алудың жаңа тәсілін әзірлейді.

«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін цифрлық жұмыспен қамту қызметі енгізіледі, ол жұмысқа орналастырғанға дейін азаматтарды белсенді сүйемелдеу моделіне көшуді қамтамасыз етеді. Осы жылдан бастап біз 17 мыңға жуық мүгедек адамды квотамен қамтуды жоспарлап отырмыз, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 2 есе көп», деді ведомство басшысы.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде еңбекке қабілетті 413,7 мың ерекше жанның 110,8 мыңы жұмыспен қамтылған.

Мүгедек жандарға қандай салық жеңілдігі бар?

Жұмыспен қамтудың ең жоғары көрсеткіші Ұлытау облысы мен Қарағанды өңірінде байқалады. 8,1 мың адам арнайы квота шеңберінде тұрақты жұмыс тапты.

Енді мүгедектікті анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін

Министрлік өзге кәсіпорындарға үлгі болатын «ТОП-10 әлеуметтік жауапты жұмыс беруші» тізімін де ерекше атап өтті. Бұл компаниялар инклюзияны кеңейтуде мемлекеттің басты серіктестеріне айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар