• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2016

Құрметті консулдардың кездесуі

292 рет
көрсетілді

Грац қаласында (Австрия) Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі (Австрия, Германия, Словакия, Словения және Италия) Құрметті консулдарының алғашқы кездесуі өтті. Оны Қазақстанның Грац қаласындағы Құрметті консулы Гюнтер Небель мен Қазақстанның Австриядағы елшілігі бірлесіп ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты Қазақ­станның Еуропадағы қоғамдық өкілдері арасында байланыс­тар орнату және тәжірибе алма­су болды. Қазақстанның Авс­триядағы елшісі Қайрат Сары­бай өзінің сөзінде еліміздің штат­­т­ан тыс консулдарының рөлі мен мақ­саттары, Қазақстан мен Еуропа арасындағы қарым-қаты­нас­тардың ахуа­лы мен перс­пек­­ти­валары, Отаны­мыз­­­дың соң­ғы халықаралық бас­­­та­­м­а­ла­ры, олардың ішін­де «Әлем. XXI ғасыр» мани­фесі мен Қа­зақ­станның ішкі сая­си өмірі­нің маңызды оқи­ға­лары тура­лы айтты, сондай-ақ, бес инс­­ти­тут­тық реформаны іске асыру­дың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары­ның негіздеріне ерекше назар аударды. Қазақстанның Австриядағы Құрметті консулдарының дуай­ені Г.Небель жиналған­дар­ды өзі басшылық ететін Құр­мет­ті кон­сул­дықтың Қазақ­стан мен Авст­рия арасындағы бай­ла­ныс­та­­р­ды тереңдету мен кеңей­ту бойын­ша мақсаттарын іске асырудағы, соның ішінде Шы­ғыс Қазақстан облысы мен Штирия федералдық жері ара­сын­дағы өңіраралық ынты­мақ­тас­тық орнатудағы жұмысымен таныстырды. Кездесу барысында ЭКСПО-2017 халықаралық маман­­дан­дырылған көрмесінің және Австрияда мәдениет сала­сында іске асырылатын «Қазақ­станның інжу-маржандары – Ұлы Дала сарыны» жоба­сы­ның тұсаукесерлері ұйымдас­тырылды. Құрметті консулдар жұмыс­тарының тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасты, өздерінің жұмыстарында жүйелі қарым-қатынас арқылы синергияға қол жеткізу жайын қолдады. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының мақсаттарын орындаудың жолдарына баса назар аударылды. Кездесуге қатысушылар бұл стратегиялық құжат Қазақстанды дамудың жаңа шыңдарына шығаруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Іс-шара Еуропаның орталық және шығыс өңірлеріндегі құрметті консулдар арасын­да байланыстар орнату мен өзара іс-қимылға негіз қалау­ға мүмкін­дік беріп, шетелдер­де Қазақ­станның штаттан тыс консулы институтын қолданудың мүм­кіндігін арттыруға өз үлесін қосатын болады. «Егемен-ақпарат»