• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №66

607 рет
көрсетілді

2016 жылғы 22 қаңтар, Астана қаласы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 46-13) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары бекітілсін. 2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды. 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кәсәптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының назарына жеткізілсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ____________________ А. Мамытбеков 2016 жылғы 15 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі _________________ Т. Дүйсенова 2016 жылғы 17 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ______________________________ А. Мұхамедиұлы 2016 жылғы 19 ақпан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен бекітілді Мемлекеттік білім ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік білім ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 46-13) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар білім алушылар үшін жатақханаларда тұруға орын бөлудің негізділігі мен кезектілігін ескере отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ұйым) жатақханаларындағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды. 2. Комиссияны қалыптастыру тәртібі 3. Жатақханалардағы орындарды конкурстық негізде, арнайы құрылған комиссия бөледі. 4. Жатақханалардағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) сандық және жеке құрамын, сондай-ақ оның өкілеттік мерзімдерін ұйымның бірінші басшысы айқындайды. 5. Конкурстық комиссия мынадай құрамда құрылады: 1) ұйымның басшылық құрамының өкілі – білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін ұйым басшысының орынбасары; 2) қоғамдық ұйымдардың өкілдері - ерiктi негiзде құрылған кәсiподақтар және басқа да бiрлестiктердің өкілдері; 3) студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері; 4) деканат өкілдері – білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін декандар немесе декандардың орынбасарлары; 5) жастар саясатының мәселелеріне жетекшілік ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері. 6. Ұйым басшысының білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін орынбасары конкурстық комиссияның төрағасы болып тағайындалады. 7. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттері: 1) конкурстық комиссия отырысының кестесін анықтау; 2) өтініштерді жан-жақты және жария түрде қарау, сондай-ақ олардың қорытындылары бойынша білім алушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасамайтын шешімдер қабылдау; 3) конкурстық комиссия отырысының қорытындылары бойынша шешімдер шығару болып табылады. 3. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу тәртібі 8. Конкурстық комиссия жатақханада орын бөлуді осы Қағиданың қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша білім алушының жазбаша өтініші негізінде оның мәртебесін растайтын тиісті құжаттарды қоса беру арқылы немесе «электронды үкіметтің» – www.e.gov.kz веб-порталында электронды түрде берілген өтініші негізінде жүзеге асырылады. 9. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11408 тіркелген «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес ұйым орналасқан қалада (елді мекенде) жеке меншігінде тұрғын үй бірлігі жоқ (пәтер, үй)) анықтама ұсынған жағдайда жатақханалардағы орындар тұрғын жайға айрықша мұқтаж білім алушылар арасында бөлінеді. 10. Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады: 1) мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; ата-анасының екеуінде де немесе ата-анасының бірінде мүгедектігі барлар; 2) кәмелеттік жасқа жеткен сәтте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған адамдар; ата-аналары жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге теңестірілгендер; ауыл жастары қатарынан шыққан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға оқуға түскен адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын «оралмандар»; 3) «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін - 2050») бағдарламасы шеңберіндегі білім алушылар; 4) «Алтын белгі» игерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер. 5) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, ұйым өткізген қабылдау емтихандары немесе тестілеу түрінде пәндер қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылданған бірінші курс білім алушылар; Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, ұйым өткізген пән бойынша немесе тестілеу түріндегі қабылдау емтихандары пәндер қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама ұсынған жағдайда, білім алушының материалдық жағдайын ескереді. 6) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелерге жеткен жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар. 11. Білім алушылар қатарындағы шетелдік азаматтар халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етіледі. 12. Конкурстық комиссия өтініштерді қарау қорытындылары бойынша жатақханадан орын беру туралы шешім қабылдайды. 13. Конкурстық комиссия білім алушының күтпеген отбасылық, материалдық және басқа жағдаяттар себептерінен тұрғын жайға мұқтаждығы туындағанда жатақханадан орын беру туралы, сондай-ақ жатақханада тұру ережелерін немесе ұйымның жарғысын сақтамағаны үшін негізделген ұсыныс бойынша жатақханадан шығару туралы шешім қабылдайды. 14. Конкурстық комиссия жатақханаларда орын бөлуді кезең-кезеңмен: 1) бірінші курстан басқа, барлық курстарда келесі оқу жылында білім алушыларға оқу жылының соңында (маусым); 2) бірінші курсқа оқуға қабылданған немесе басқа оқу орындарынан ауысып келген білім алушыларға оқу жылының басында (тамыз); 3) жатақханаларда тұратын білім алушылар контингентінің өзгеруіне сәйкес, сондай-ақ ауысып келген немесе қайта қабылданған білім алушыларды негізді орналастыру үшін оқу жылының ішінде, қажеттілігіне қарай жүргізеді. 15. Конкурстық комиссия төрағасының қолы қойылған жатақханада тұру үшін жасалған тізім негізінде білім алушыға жатақханадан орын берілгені туралы жолдама беріледі. Мемлекеттік білім ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидасына қосымша Нысан ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ЖОО басшысының толық аты-жөні (болған жағдайда) ________________________________________ факультетiнiң ________________________________________ мамандығының ________________________________________ тобының, курс студенті__________________________________ аты-жөні толық жазылсын (болған жағдайда) __________________________________________ Өтініш Маған университет жатақханасынан бір орын бөліп беруіңізді сұранамын. Келген жерім __________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ «____»_______________20__ж. ________________________ Қолы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13487 болып енгізілді.