• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2016

Шымкент лицейінің студенті

260 рет
көрсетілді

Кореяда «Жыл студенті» атанды Шымкенттегі қазақ-түрік ли­цейі­­нің Дәулет Батырхан есімді түлегі Оңтүстік Кореяның Ульсан ұлт­тық ғылым және техника уни­­верситетінің (UNIST) «Жыл студенті-2016» атағын жеңіп алды. Бұл туралы алғаш болып facebook әлеуметтік желісінде оның жа­қын­дарының бірі хабарлады. Дәулет Батырханның айтуын­ша, жеңімпаздарды үлге­ріміне, әлеуметтік істерге бел­сенді арала­суына және корей тілін меңге­руіне қарап анықтаған. – Мектеп кезінде үлгерімім жақсы болатын. Осыған бай­ланысты түрлі олим­пиа­далар­ға қа­тысып, бағымды сынап жүр­­дім. Физика пәнінен көптеген халықаралық, республикалық олимпиадаларда орын алдым. Осының арқасында ұлттық бірың­ғай тестілеуден босатылдым, – деді студент. Ал 10 сынып оқып жүрге­нінде UNIST ірі жарыстарда орын алған қазақстандық оқушыларды өзінің оқу базасына шақырған екен. Дәулеттің алдағы уақытта жоғары оқу орнын таңдауына осы іс себеп болыпты. – Менің бірінші мамандығым – ғылыми физика, ал екіншісі – ғылыми химия. Сабағымнан тыс уақытта High pressure X-ray science биофизика лаборатория­сында зерттеу жұмыстарын жүргіземін. Мұнда жағдайдың бәрі жасалған, – деді Дәулет Батырхан. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»