• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бұйрығы №7

307 рет
көрсетілді

2016 жылғы 21 маусым, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы №353 қаулысына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті: 1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бұйрықты бекіткен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр Д.АБАЕВ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар  министрінің  2016 жылғы 21 маусымдағы  №7 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін орталық атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерінің бұқаралық ақпарат құралдары жұмысында мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекемемен өзара іс-қимыл ету бойынша функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ведомстволық ұйымы болып табылады. 2. Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республи­касының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдас­тыру­шылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар. 4. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республи­касының Үкіметі болып табылады. Мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган Министрлік болып табылады. Мекеменің мүлкіне қатысты республикалық меншік субъектісі құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жүзеге асырады. 5. Мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынас­тарға түседi. 6. Мекеме өз құзыреті шеңберінде белгіленген заңнамалық тәртіпте Мекеме басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Мекеменің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі. 8. Мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілде: толық - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникация­лар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі; қысқартылған - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ; орыс тілінде: толық - Республиканское государственное учреж­дение «Служба центральных коммуникаций» Минис­терства информации и коммуникаций Респуб­лики Казахстан»; қысқартылған – РГУ Служба центральных коммуникаций» Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан». 9. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республи­касы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев көш., № 4-үй. 10. Осы Ереже Мекеменің құрылтайшы құжаты болып табылады. 11. Мекеменің қызметін қаржыландыру республи­калық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Егер Мекемеге Қазақстан Республикасының заңна­малық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады. 13. Мекеме басқадай заңды тұлғаны құра, сондай-ақ құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. 14. Мекеме өз міндеттемелері бойынша оның өкіміндегі ақшаға жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікті Қазақстан Республикасы артады. 15. Мекеме Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар мен өкілдіктерге ие болуға құқылы. 2. Мекеме қызметінің мәні және мақсаты 16. Мекеме қызметінің мақсаты мемлекеттік билік органдарының және қоғамның өзара іс-қимыл етудің тиімді механизмін құру, сондай-ақ ақпараттық салада мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпараттық құралдардың өзара іс-қимыл етуі болып табылады. 17. Мекеме қызметінің мәні мыналар: 1) мемлекеттік органдардың, ұлттық компания­лардың, мемлекеттік мекемелердің және бұқаралық ақпараттар құралдарының бірыңғай коммуникация алаңын қалыптастыру; 2) Өңірлік бұқаралық ақпараттар құралдарымен өзара іс-қимыл ету бойынша тиімді механизмдерді жасау; 3) Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге қатысу; 4) Бұқаралық ақпараттар құралдары мен коммуникациялар мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу болып табылады. 18. Мақсатқа жету үшін Мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) Ұзақ мерзімді және ағымдағы медиа-жоспарларды әзірлеуге қатысу; 2) Әр түрлі салалар бойынша ақпараттық деректер қорының жинай отырып, елдегі және шетелдегі ақпараттық алаңның ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізуге ықпал ету; 3) Тұрақты шолуларды, анықтамаларды және есеп­терді жасай отырып, келіп түскен ақпараттарды талдау; 4) Жиналған материалдардың негізінде ақпараттық алаңды дамытудың талдамалық және болжамдық құжаттарын, сценарлық жоспарын даярлауға қатысу; 5) елдегі өткізіліп жатқан реформаларды және басқа да стратегиялық бастамаларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша брифингтерді, баспасөз-конференцияларды ұйымдастыру; 6) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері бо­йынша апта сайынғы, ай сайынғы және жыл сайынғы кезеңдерге мемлекеттік органдар үшін ұсынымдарды әзірлеуге қатысу; 7) мемлекеттік органдар үшін әр түрлі ақпараттық оқиғалар бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды (топиктерді) даярлауға ықпал ету; 8) мемлекеттік органдар үшін қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімде кезеңдерге ақпараттық іс-шаралардың оқиғалық қатарын даярлауға қатысу; 9) бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпараттық-талдамалық материалдарды даярлауға қатысу; 10) мемлекеттік органдар үшін әдістемелік ұсыным­дар мен материалдарды даярлауға қатысу; 11) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары үшін тренингтерді өткізу; 12) анықтамалық және ақпараттық материалдарды мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерге аудару; 13) өз жарғылық қызметі мәселелері бойынша халықаралық конференциялар, семинар, көрмелер және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысу; 14) мекеменің атынан және өз құзыреті шеңберінде мемле­кеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдар­мен және шетелдік мекемелермен хат алмасуды жүргізу, сұрау салуларды жүзеге асыру; 15) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жауап беретін және мекеменің жарғысына қайшы келмейтін қызметтің басқа да түрлерін жүзеге асыру. Мекемеге жарғыда бекітілген оның қызметінің мәніне және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады. 3. Мекеменің құқықтары мен міндеттемелері 19. Мекеменің құқықтары мен міндеттері: Мекеме: 1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығаруға, 2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетіл­діру бойынша ұсыныстар енгізуге; 3) Мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және басқа да іс-шараларды өткізуге; 4) Қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңес органдарын (жұмыс тобын, комиссия, кеңестер) құру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Мекеме міндетіне мыналар: 1) Мекемеге жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау; 3) Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер даярлау; 4) Мекеме теңгерімінде тұрған мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді. 4. Мекеменің қызметін ұйымдастыру 20. Мекемені, Мекемеге жүктелген міндеттерді орындау және олармен өз қызметтерін жүзеге асыру үшін жеке жауапкершілікті артатын Директор басқарады. 21. Мекеменің директоры Министрмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 22. Директордың Министрдің келісімі бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. 23. Директор Мекеменің жалпы қызметін басқаруды жүзеге асырады. Осы мақсатта Директор: 1) өзінің орынбасарларының, құрылымдық бөлім­шелердің басшылары мен Мекеме жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; 2) өз құзыреті шегінде, Мекеме, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерімен орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқау береді; 3) еңбек қатынасының мәселелері Министрмен келі­сетін жұмыскерлерді қоспағанда, Мекеменің жұмыс­керлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, біліктілікті даярлау (қайта даярлау), арттыру, марапаттау, үстем ақы төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ Мекеме жұмыскерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 5) заңнамаға сәйкес мекеменің атынан мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді; 6) Мекеменің, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсынымдарды Министрліктің қарауына енгізеді; 7) Сенімхатсыз мекеменің атынан әрекет етеді; 8) Оның құзыретіне жатқызылатын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Мекеменің директоры болмаған кезде, оның өкілеттігін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады. 24. Мекеме директорының орынбасары: 1) Өз өкілеттігі шегінде Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді; 2) Мекеменің директорымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 25. Директор және директордың орынбасарлары Министрдің, Министрліктің Жауапты хатшының, жетекшілік ету Вице-министрдің және Министрмен ұсынылған құзыреті шегінде Министрліктің Ақпарат комитеті Төрағасының берген міндетті тапсырмаларын орындайды. 5. Мекеменің мүлкі 26. Мекеме мүлкі құны оның теңгерімінде көрінетін активтерді құрайды. Мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Мекеме теңгерімінде көрі­нетін өзге де мүлік есебінен қалыптастырылады. 27. Мекемеге өз бетінше мүлікті иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған бекітілген мүлікке иелік етуге, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленбесе рұқсат берілмейді. 6. Мекеменің жұмыс тәртібі 28. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Респуб­ликасындағы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс. 7. Мекемені қайта құру және тарату 29. Мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.