• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2016

Футбол. «Қайрат» өз алаңында «Астанадан» басым түсті (видео)

215 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48316" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Футболдан Қазақстан премьер лигасының 18-туры шеңберінде бір ойын ойналды. «Қайрат» өз алаңында «Астана» командасын қабылдады. «Қайрат» (Алматы) – «Астана» (Астана) 1:0 (1:0) Стадион: Орталық стадион. Төрешілер: Руслан Дузмамбетов, Евгений Бельский, Денис Лобашов, Александр Алиев. «Қайрат»: Владимир Плотников, Жарко Маркович, Тимур Рудосельский (Ермек Қуантаев 25 ), Лукаш Тесак, Андрей Аршавин (Герсон Асеведо 75), Михаил Бакаев, Исаэль Барбоза (Бауыржан Тұрысбек 87), Бауыржан Исламхан, Станислав Лунин, Анатолий Тимощук, Жерар Гоу. «Астана»: Ненад Эрич, Марин Аничич, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Серікжан Мұжықов, Таңат Нөсербаев (Агим Ибраими 73), Патрик Твумаси (Азат Нұрғалиев 57). Гол: Жерар Гоу 11 Ескерту алғандар: Андрей Аршавин 45, Жарко Маркович 81 – Серікжан Мұжықов 23, Евгений Постников 68 Алматының «Қайраты» кезекті ойынында жеңіске жетті. Премьер лигада көш бастап келе жатқан «Астана» командасын ұтып, арадағы ұпай санын қысқартты. Кездесудің небәрі 11-минутында жергілікті команда ойыншылары есеп ашты. Шабуыл шебінде өнер көрсететін Жерар Гоу чемпионаттағы 13-голын соқты. Ол әуелеп келген допты қағып алып, алдынан шыққан Евгений Постниковтан айласын асырғаннан кейін Ненад Эричтің қақпасына тура соққы бағыттады. Ал оған дәл пас берген Исаэль Барбоза нәтижелі пастың авторы атанды. Осыдан кейін қос команда қаншама шабуыл ұйымдастырса да, есеп өзгеріссіз қалды. Бүгін 18-турдың екі ойыны ойналады. Олар: «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) «Ақжайық» (Орал) – «Ордабасы» (Шымкент) Аян ӘБДУӘЛИ.
Соңғы жаңалықтар