• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2016

Головкин жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін

237 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48371" align="aligncenter" width="560"] Фото: 365info.kz[/caption] Орта салмақ дәрежесінде WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 2017 жылы Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 24.kz-тің хабарлауынша, Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер The Ring басылымына алдағы бір жарым жылда боксшының жекпе-жектерді өткізу жоспары туралы мәлімдеді. Леффлердің айтуынша, ол 2016 жылы екі рет шаршы алаңға шығуды, ал келесі жылғы қыркүйекке шегерілген Сауль Альвареспен жекпе-жегіне дейін екі кездесу өткізуді мақсат етіп отыр. Олардың бірі Қазақстандағы 38 мың орындық стадионда өтуі мүмкін. «Бұл оның өз еліндегі кездесуі болмақ. Нақты қай уақытта өтетіні туралы біраз ақылдастық. Соңында келесі жылы өткізу орынды дегенге тоқталдық», – деді К2 Promotions атқарушы директоры. Аян Әбдуәли.
Соңғы жаңалықтар