[caption id="attachment_48375" align="aligncenter" width="560"] Фото: ftimes.ru[/caption]
Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон референдумның қорытындысына байланысты өзінің отставкаға кететіндігі жайлы хабарлады. inform.kz-тің хабарлауынша, ол бұл жөнінде баспасөз конференциясында мәлімдеген.
«Мен Англияның Еуропалық одақ ішінде мықтырақ, қауіпсіз әрі жақсырақ екендігіне кәміл сенімді болдым. Алайда, британиялықтардың ойы олай болмай шықты. Сол себепті оларға жаңа жолмен жүргізетін жаңа басшы қажет», – деді Кэмерон.
Оның айтуынша елдің жаңа премьер-министрі қазан айында өтетін консерваторлар партиясының конференциясына дейін тағайындалу керек.
Ұлыбританияның барлық 382 округі бойынша өткізілген референдумның нәтижесі бойынша, мемлекеттің Еуропалық одақтан шығуына 17 млн. 410 мың 742 адам, яғни 51,9 пайыз, ал Еуропалық одақта қалуына 16 млн. 141 мың 241 адам, яғни 48,1 пайызы қолдаған.
Аян ӘБДУӘЛИ.