• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2016

«Еуро-2016». Польша ширек финалға шықты (видео)

224 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48648" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында алғаш болып шыққан Швейцария мен Польша құрама командалары Сент-Этьен қаласында кездесті. Швейцария – Польша 1:1 (0:1) пенальти 4:5 Стадион: «Жоффруа Гишар». Төреші: Марк Клаттенбург. Швейцария: Зоммер, Лихтштайнер, Шёр, Джуру, Родригес, Бехрами (Фернандеш 77),Джака, Шакири, Джемаили (Эмболо 58), Мехмеди (Дердийок 70), Сеферович. Польша: Фабьянски, Пищек, Глик, Паздан, Енджейчик, Блащиковский, Крыховяк, Мончиньски (Йодловец 101), Гросицки (Пешко 104), Милик, Левандовски. Гол: Шакири 82 – Блащиковский 39 Пенальти сериясы: 1:0 – Лихштайнер, 1:1 – Левандовски, 1:1 – Джака (қисық кетті), 1:2 – Милик, 2:2 – Шакири, 2:3 – Глик, 3:3 – Шер, 3:4 – Блащиковски, 4:4 – Родригес, 4:5 – Крыховяк. Ескерту алғандар: Шёр 55, Джуру 117 – Енджейчик 58, Паздан 111 [caption id="attachment_48649" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Бүгін жанкүйерлер тартысқа толы матчтың куәсі болды. Екі команданың кезек-кезегімен ұйымдастырған шабуылдары қауіпті аяқталып жатты. Осындай сәттердің бірінде қақпашы Лукаш Фабьянскидің допты дереу әріптесіне лақтырып, командасының қарымта шабуылға шығуына мүмкіндік жасап берді. Осыдан кейін атойлап алға шыққан поляктар небәрі үш мәрте пас алмасып барып, есеп басын ашты. Камиль Гросицкидің берген добын Якуб Блащиковский ойланбастан қақпаға бағыттап, алғашқы голдың авторы атанды. Якуб осымен өз командасының дүбірлі додадағы бесінші добының соғылуына көмектескен екен. Швейцарлар бұл қателіктерінен кейін таразы басын теңестіру үшін барын салды. Негізгі уақыттың аяқталуына 8 минут қалғанда, яғни 82-минутта Джордан Шакиридің керемет соққысының арқасында дегендеріне жетті. Аяғына келе қалған допты ол бір жақ иығына қарай құлап барып тепкенде қақпаның торынан бір-ақ шықты. Бұл биылғы Еуропа чемпионатындағы үздік голдардың бірі болуы мүмкін. Матчтың негізгі 90 минуты 1:1 есебімен аяқталғандықтан, қос команда экстра-таймда бақтарын сынады. Алайда, қосымша берілген 30 минутта да есеп өзгеріссіз қалды. Ал пенальти сериясында Польша құрамасының бағы жанып, алғаш болып ¼ финалға шықты. Өзінің ерекше ойынымен көзге түскен Джордан Шакири матчтың үздік ойыншысы атанды. Аян ӘБДУӘЛИ.
Соңғы жаңалықтар