Жапон наубайшы кесілген кезінде белдеуінен бес түрлі түспен бес нәрсенің суреті көрініп тұратын нан ойлап шығарды.
Өзіне konel_bread деген ник, яғни жалған ат беріп қойған наубайшы аталмыш нанды пышақпен кескенде қырынан бес түрлі түске боялып көрініп тұратын етіп жасаған. Ол әлеуметтік желіде пайда болғаннан жұрттың талқылауына түсіп кеткен.
Кескен кезінде бұл нанның ортасынан леопардтың теңбіл белі, зебраның жолақ жоны, қарбыздың тілігі, сондай-ақ, апельсин, киви секілді бұйымдардың кескіндері шыға келеді.
Автор суреттері бар нан жабудың технологиясын ешкімге айтпай, әзірге барынша құпия ұстап отыр. Ол сонымен бірге, суши жабушы шебер үшін мұның ешқандай құпиясы жоқ екенін де айтып қояды.
Мұрат АЙТҚОЖА