• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2016

Донорлық көмек

410 рет
көрсетілді

терактіден зардап шеккендерге көрсетілді Түркияда террорлық шабуыл­дан зардап шеккендерге қазақ­стандық отбасы қан тапсырып, жәрдем етті. Айгүл Көңкекова есімді әйелдің айтуынша, Ыстанбұл билігі теледидар арқылы донорлық көмекке зәру екендерін мәлімдепті. Мұны көрген олар ұлы мен күйеуін ертіп, бірден ауруханаға алып-ұшып барған. – Біз бұл хабарды естігеннен кейін бейжай қарап отыра ал­мадық. Қажетті жерге барып, қан тапсырып, қолымыздан келгенін жасадық, – деді Айгүл. Оның айтуына қарағанда, Түркиядағы өзге қазақстандықтар да бұл іске атсалысқан екен. Мәлім болғандай, лаңкестер ұйымдастырған террорлық шабуылдан опат болғандардың ба­сым бөлігі – түркиялықтар. Сол сияқты, 5 адам Сауд Ара­бия­­­сының, қалғандары Тунис, Ирак, Өзбекстан азаматтары еке­­ні анық­талды. Ал үш адам­ның қай­дан келгені туралы анық­тау жұ­мыстары жүр­гізіліп жа­тыр. Қазіргі таңда анти­тер­рор­лық операция ке­зінде кө­ше­лердегі бақылау жұмыс­тары күшейген. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар