• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2016

Ақтөбеде департамент басшысы тағайындалды

370 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50054" align="aligncenter" width="560"] Фото: tengrinews.kz[/caption] Ақтөбе облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) департаментінің басшысы ауысты. inform.kz-тің мәліметтері бойынша, облыс ҰҚК департаментінің жаңа басшысы Марат Ирменовті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш таныстырды. Марат Ирменов осыған дейін Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметінде болған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 2011 жылдан өңірлік ҰҚК департаментін басқарған  Нұрлан Қыдырбаевқа алғыс айтты. «Мемлекет басшысы біздің алдымызға халық тыныш ұйықтап, жұмыс істеуі үшін елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің облыста күш-қуат құрылымдары бірлесе жұмыс істеп жатқанын лаңкестікке қарсы операция нәтижесінен байқауға болады, сіздердің кәсібиліктеріңіздің арқасында ол бір апта ішінде аяқталды. Қазір жағдай тұрақты», – деді Бердібек Сапарбаев. Аян ӘБДУӘЛИ