• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2016

Оралда 72 пәтердің кілті тапсырылды

249 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50220" align="aligncenter" width="560"] Фото: baq.kz[/caption] Орал қаласында «Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы аясында қала тұрғындарына 72 пәтердің кілті табыс етілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов және осы ғимаратты салған «СКФ Отделстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Валентина Михно қатысты. Baq.kz-хабарлауынша, Алтай Сейдірұлы тұрғындарды құттықтап, «Нұрлы жол» бағдарламасының облыста да қарқынды жүзеге асып жатқандығына тоқталды. – Құрметті батысқазақстандықтар, баршаңызды Ораза айтымен құттықтаймын! Сіздерге көпқабатты үйдің кілтін Елорда күніне орай табыстап жатырмыз. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз, Тәуелсіздігіміздің нышаны, бірлік пен еңбектің көрсеткіші. Елбасы жыл сайын әлеуметтік мәселелермен айналысып, халықты тұрғын үймен қамту мақсатында талапты күшейтуде. Мемлекеттен бөлінген қаражатқа «Нұрлы жол» бағдарламасымен 14 көпқабатты үй, яғни 1500 ден астам пәтер қолданысқа берілетін болады. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік жағдайына байланысты кезекте тұрған отбасыларға ұсынылады. «Тұрғын үй жинақ банкі» салымшыларына арналған үш үй құрылысы аяқталады. Сонымен күз мезгіліне дейін көпқабатты үш, ал жыл соңына дейін көпқабатты он төрт үй қолданысқа беріледі. Соның ішінде бір тоғыз қабатты үй Ақсай қаласының тұрғындарына арнап салынуда, – деді Алтай Сейдірұлы. Темір ҚҰСАЙЫН
Соңғы жаңалықтар