• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2016

Бүгін бас қалаға 18 жыл толды

416 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50223" align="aligncenter" width="560"] Фото: voxpopuli.kz[/caption] Бүгін бас қаламыз – Астанаға 18 жыл толды. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламентінің отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасаған. 1997 жылы 20 қазанда Елбасы бас қаланы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-күні Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы 10-маусымда жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Осы жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Астана – Бейбітшілік қаласы» медалімен марапатталды. 2006 жылға дейін 10-маусым елорданың туған күні ретінде тойланып келді. 2008 жылдан бастап 6-шілде Астана күні ретінде аталып өтеді. kaztrk.kz-тің хабарлауынша, қаланың бас жоспарын жапониялық сәулетші Кисе Курокава жасаған. Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар