• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2016

Италияда 4500 босқын құтқарылды

251 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50248" align="aligncenter" width="560"] Фото: 24.kz[/caption] Италияның жағалау қызметі Жерорта теңізінде бір күннің ішінде 4500 босқынды аман алып қалды. 24.kz-тің мәліметтері бойынша, резеңке және ағаш қайықтарға мінген мигранттарды құтқару үшін 30-ға жуық арнайы операция жүргізілген. Италия ішкі істер министрлігінің ақпарына сәйкес, жыл басынан бері елге 70 мыңнан астам босқын келген. Ал қазіргі таңда Еуопаға теңіз арқылы қоныс аударғандар саны 227 мыңнан асады. Сонымен қатар, су үстінде апатқа ұшырап немесе із-түзсіз жоғалғандар саны 3 мыңға жуық. Осыдан бірер апта бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун Грекияның Лесбос аралына жасаған сапарында ай сайын Жерорта теіңзінде 450 адам суға кететінін мәлімдеген. Айта кетейік, Италияға ағылған босқындардың көбі Ливия мен Египеттен келгендер. Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар