• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2016

«Астана» футбол командасы кезекті ұпайына қол жеткізді

414 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50255" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 19-турының ойындары ойналды. Турдың ең соңғы кездесуін өткізген «Астана» өз алаңында «Ордабасыдан» басым түсті. «Астана» (Астана) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 1:0 (0:0) Гол: Джуниор Кабананга 87. «Астана-арена» стадионында өткен ойында елордалық жанкүйерлер жалғыз голдың куәсі болды. Бір-бірінің шабуылына аса сақтықпен қорғанған қос команда матчтың негізгі уақыты аяқталуына үш минут қалғанға дейін гол соға алмады. Ал жалғыз доптың авторы – Джуниор Кабананга. Әріптесі Патрик Твумасидің берген пасынан кейін мүмкіндігін мүлт жібермеді. «Жетісу» (Талдықорған) – «Қайрат» (Алматы) 1:1 (1:0) Голдар: Душан Савич 37 – Жерар Гоу 90 «Тобыл» (Қостанай) – «Ертіс» (Павлодар) 3:2 (2:0) Голдар: Артурас Жулпа 18, Томаш Шимкович 23 (пенальти), Шамиль Асилдаров 63 (пенальти) – Томаш Йирсак 54, Шота Григалашвили 68. Мүлт кеткен пенальти: Томаш Шимкович 58. Ордабасы (Шымкент) – «Атырау» (Атырау) 2:1 (0:1) Голдар: Гогита Гогуа 85 (пенальти), Еркебұлан Тұңғышбаев 87 – Валерий Каробкин 30. «Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Ақжайық» (Орал) 1:0 (0:0) Гол: Никита Бочаров 80. «Шахтер» (Қарағанды) – «Тараз» (Тараз) 0:1 (0:1) Гол: Мане 33.

19-тур қорытындысы бойынша турнир кестесі

[caption id="attachment_50253" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption]

Үздік сұрмергендер:

Жерар Гоу («Қайрат») – 14 гол; Душан Савич («Жетісу») – 10 гол; Роман Мұртазаев («Ертіс») – 10 гол; Келесі турдың қарсыластар реті төмендегідей: «Ақжайық» – «Астана» «Тараз» – «Ертіс» «Шахтер» – «Ордабасы» «Оқжетпес» – «Жетісу» «Қайрат» – «Тобыл» «Атырау» – «Ақтөбе» Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар