• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Шілде, 2016

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

253 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады деп күтілуде. Ал Шығыс Қазақстанның кей аудандарында бұршақ жауып, тұман болуы ықтимал. baq.kz-тің мәліметтеріне сәйкес, тек еліміздің оңтүстігінде күн ашық болады. Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты жел тұрып, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ақтөбе, Қостанай, түнде Атырау облыстарының кей тұстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн ыстық болады деген болжам бар. Сонымен қатар, бұл аймақтарда өрт қаупі өте жоғары. Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар