• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Шілде, 2016

Қостанай облысында аудан, қала әкімдері ауысты

359 рет
көрсетілді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өкімімен бірнеше аудан мен қала әкімі тағайындалды. Алдымен облыс орталығының іргесіндегі Қостанай ауданына жаңа әкім болып Қайрат Ахметов тағайындалды. Ол әкім болған Федоров ауданына осыған дейін Қостанай ауданын басқарған Тәуба Исабаев жіберілді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов: «Қайрат Ахметов Федоров ауданы экономикасы мен әлеуметтік саласының көркеюіне көп жұмыс жасады. Мол тәжірибелі әкім облыстағы ең ірі Қостанай ауданының тізгінін ұстайды. Қостанай ауданында ірі кәсіпорындар салынуы тиіс, мемлекеттік ірі бағдарламалар жүзеге асырылатын болады» деді. Мұнан кейін Әулиекөл ауданының әкімі болып Жансұлтан Таукенов тағайындалды. Ол осыған дейін Амангелді ауданын басқарған болатын. Ал облыс әкімі Амангелді ауданының активіне жаңа әкім етіп Нұржан Өтегеновты таныстырды.  Ол бұрын Федоров ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. Архимед Бегежанұлы жаңа әкімге шалғай ауданда шағын және орта бизнесті дамытуды, тұрғындар арасында шағын несие тиімділігін түсіндіруді тапсырды. Арқалық қаласына да жаңа әкім тағайындалды. Бұрын Әулиекөл ауданында әкім болған Амантай Балғарин енді Арқалық қаласын басқаратын болды. Оны арқалықтықтарға таныстырған өңір басшысы моноқаланың ерекшелігіне қарай, онда өндіріс орындарын ашуды, оның айналасында міндетті түрде шағын кәсіпорындарды дамытуды тапсырды. Сонымен бірге Арқалық қаласын қысқы мезгілге дайындау барысы ылғи да назарда болуы керектігін айтты. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА