• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Шілде, 2016

Қазақстан қор биржасында сауда-саттық 64,4 пайызға артты

420 рет
көрсетілді

«Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы (KASE) 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысын жасады. Акциялар нарығында сауда-саттық көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай 64,4 пайызға артты. KASE индексі жылдың басынан бері 14,7 пайызға (жылдық 29,4 пайыз) өсті. Сонымен қатар, жеке тұлға-инвесторлардың акциялар нарығында белсенділік байқалады. Қазақстан қор биржасында 22 эмитенттің 23 бағалы қағазы листингілеу рәсімінен өтті. Сол сияқты, «Ақтөбе металл құрылымдар заводы» акционерлік қоғамы жай акциялары Қазақстан қор биржасында 2016 жылдың шілде айында өтетін IPO аясында инвесторларға ұсынылмақ. Қазақстандық қор биржасының жұмысын қысқа қорытындылағанда, биржалық сауда-саттық көлемі 2016 жылдың алты айында 49,2 трлн. теңгені құрады, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (47,7 трлн теңге) 1,5 трлн. теңгеге немесе 3,1 пайызға артқан. Акциялар нарығындағы сауда-саттық көлемі – 80,4 млрд теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 64,4 пайызға немесе 31,5 млрд. теңгеге артқан, осылайша инвесторлардың теңгелік активтерге сұранысы артып отырғандығы байқалады. Керісінше корпоративтік облигациялар нарығы есептік кезеңде сауда-саттық көлемі 2015 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда айтарлықтай төмендеп, 191,8 млрд. теңгені құрады. Оның басты себебі – Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің жаңа деңгейіне сәйкес теңгелік қордың бірден қымбаттауына байланысты. Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығында сауда-саттық көлемі 2015 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, 334 млрд. теңгені құрап, 43,4 млрд. теңгеге немесе 14,9  пайызға артты. Шетелдік валюталар нарығына келсек,  осы жартыжылдақта сауда-саттық жиынтық көлемі 19,3 трлн. теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,8 пайыз төмендеді. Репо операцияларының нарығында сауда-саттық көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе артып, 29,3 трлн. теңгені құрады. Теңгенің долларға қатысты нығаюы жағдайында репо операцияларын қатысушыларға долларлық своп операцияларымен алмастырды. Айнаш ЕСАЛИ
Соңғы жаңалықтар