• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Шілде, 2016

Паралимпиада чемпионы 6 жылға сотталды

315 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50281" align="aligncenter" width="560"] Фото: ria.ru[/caption] Оңтүстік Африка Республикасының Претория қаласында атақты желаяқ Оскар Писториусқа жаңа үкім шықты. Жүгіру спортынан Паралимпиада ойындарының 6 дүркін чемпионы алты жылға бас бостандығынан айрылды. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, спортшы фотомодель болған өзінің Рева Стенкамп есімді құрбысын қасақана өлтірген. Айыпталушы сот отырысы аяқталысымен, бірден қамауға алынған. Ал спортшының қорғаушысы үкімге қарсы шықпайтынын мәлімдеді. Қайғылы оқиға 2013 жылдың ақпан айында Оскар Писториустың үйінде болған. Үйде жалғыз отырған ол жуыну бөлмесінен таныс емес дауысты естіп, ұры кіріп кеткен деп ойлайды. Ешнәрсеге қарамастан жабық есіктің сыртынан бірнеше рет оқ атады. Өкініштісі, ұры дегені өзінің құрбысы болып шықты. 24.kz-тің мәліметтері бойынша, 2014 жылы Писториус абайсызда адам өлтірді деген айыппен 5 жылға сотталған. Бірақ түрмеде бір жыл отырып босатылған еді. Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар