• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2016

Қарқаралы құшақ жайды

400 рет
көрсетілді

Еліміздің БАҚ өкілдері табиғат аясында демалып қайтты Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесінің қарсаңында еліміздің бірқатар БАҚ өкілдері Қарағанды облысындағы тамсандырған табиғаты бар Қарқаралыда       дем­алып қайтты. Бұл игі шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған еді. Қарқаралы топырағында елі­міздің БАҚ өкілдерін бір кезде Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім алған Қарағанды мемлекеттік техникалық уни­верситетінің ректоры А.Ға­за­лиев бастаған қызметкерлер қарсы алып, білім ордасының сол жердегі «Политехник» оқу-сауық­тыру орталығына орналас­тырды. ҚарМТУ ректоры журналистерге арнайы қонақасы беріп, еліміздегі білім саласында жүргізіліп жатқан жаңа реформалар туралы тұшымды әңгіме өрбітті. Журналистер қауымы дема­лыс­тың алғашқы күні Қарқа­ралыдағы Құнанбай қажы сал­дырған мешітте құран бағыштау рәсіміне қатысып, одан кейін әй­гілі «Шайтанкөлге» барып, та­би­­ғат тамашасын өз көздерімен көрді. Екі күнге ұласқан демалыс сапары барысында БАҚ өкіл­дері Мәди Бәпиұлы, Қасым Аман­жолов, Нұркен Әбдіров, Тоқтар Әубәкіров, Мартбек Мамыраев сынды ақын­дар мен батырлар шыққан киелі топырақтың тарихымен танысып, руханиятымен тыныстады.Қарқаралыдағы тарихи орындарда, атап айтқанда, Абай Құнанбайұлы екі айдан астам аялдаған көпес Бекметовтің үйінде, Құнанбай қажы сал­дырған мешітте және басқа да тарихи орындарда болып, құнды жәдігерлермен танысты. Сондай-ақ, олар Қарқаралыдағы Ұлттық табиғи паркте болып, ол жердегі аса сирек кездесетін аң-құстарды тамашалады. Екі күндік демалыс барысында журналистер қауымы естен кетпес әсер алып, шараны ұйым­дастырушыларға дән риза болып, табиғаты уылжыған Қарқаралыны қимай аттанды. «Алдағы уақытта да БАҚ өкіл­­дерін еліміздің өзге де өңір­ле­ріне демалыс сапарына апарып тұруды жоспарлаудамыз», – деді министрліктің PR кеңесшісі Май­раш Тайкенова. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы