• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2016

Алматыда ақжауын 6 күн жауады

456 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің «112 қызметі» қала тұрғындарына осындай хабарлама таратты Жаз айының алғашқы күнінен тоқтаусыз жауып, төпелеп ұрған нөсерден әбдан зәрезап болған алматылықтар соңғы бір-екі аптада күннің шуағына шомылып, су бұрқақтарды жағалап, күнге қыздырынып, жадырап қалған. Кеше түс ауа «112»-ден түскен Алматы өзендерінің тасуы мен дауыл тұру қаупі бар деген хабар қала тұрғындарының жадыраған көңілін су сепкендей басты.  Өйткені, соңғы кезде «Қазгидромет» орталығы да қателеспейді әрі айтқаны айдай дәл келетін болып алды. Алатауды ауыр  бұлттар тұмшалағаны сол-ақ екен,  ауа райын болжаушылар  бұл жауынның Алматыда апта бойы сіркірейтінін және ескертті. Қаланы қақ жарып ағатын Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай өзендерінің суы бірден қара қошқылданып аға бастады. ТЖД қала маңындағы өзендердің тасып сел жүретіндігі туралы ескертуі де тұрғындарды сақтандырып отыр. Халық осыдан бір жыл бұ­рынғы Наурызбай ауданында дәл осы маусымда сел жүргенін де ұмытқан жоқ. Қалай дегенде де табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұруға алматылықтар да, ТЖД мен құтқарушылар да бейімделіп алды, табиғаттың тосын құбылысына төтеп беруге әркезде де дайын. Қажетті техника сақадай-сай әзір. Бір қуанарлығы бұған дейін Алматы қаласының арық-атыз­дарының барлығы дерлік күл-қоқыстан тазаланып үлгерген. Барлық көшені бойлап сылдырап аққан тау өзендерінің тарам-тарам бөлініп арық қуалап аққан ағын суына кедергі де, тосқауыл да жоқ... Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар