Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы бұдан ширек ғасыр уақыт бұрын сол шақта республика Үкіметін басқарған Н.Ә.Назарбаевтың қамқорлығымен ашылған еді. Содан беріде аталған өнер ордасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Татьяна Стромская сынды білікті басшы жетекшілік етіп келеді. Жуырда ол Ресей мемлекетінің «Достық» орденімен марапатталды. Оны көрші мемлекеттің біздің еліміздегі елшісі Михаил Бочарников Семейге арнайы келіп, марапат иесіне табыстап кетті.
Осы орайда бұдан бірер жыл бұрын кезінде өзінің баға жеткісіз коллекциясын осы мұражайға табыстаған Ю.Невзоров Елбасы Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталғанын айта кетсек дейміз. Өнерде шекара жоқ деген осы.
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.