• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2011

Анталияға барады

296 рет
көрсетілді

Сәтбаев қаласындағы балалар өнер мектебі талантты өрендерімен танымал. Талап­ты шәкірттері түрлі деңгей­дегі бай­қауларда көзге түсіп жүр. Қос­танайда өткен «Ал­тын микрофон» халықаралық конкур­сында Темірхан Сәу­лен­бек екінші орын­ды иемденсе, «Ақ кө­гершін» рес­публикалық бай­қауында Анита Гатиятова же­ңімпаз атанды. Енді мектептің осындай өнерпаздары бастаған топ лицейлер оқушылары арасында  Анталияда көктемде өтетін бү­кіл дүниежүзілік конкурсқа қаты­суға дайындалуда. Олар мұндай құрметке республи­калық іріктеу байқауында ие болды. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы.