• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2011

Дәрігерлердің қоныс тойы

298 рет
көрсетілді

Былтыр медицина қызмет­кер­лері үшін мерейлі жыл болды. 225 жоғары білімді дәрігерлер мен мейірбикелер жайлы пәтер­лерге жайғасып, үлкен қуанышқа кенелген болатын. Биыл жақсы дәстүр одан әрі жалғасын тапты. Жақында «Юбилейный» ша­ғын ауданында 75 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, ақ халатты абзал жандардың игілігіне берілді. Оның ашылу салтанатына қа­тысқан облыс әкімі Серік Біләлов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жол­дауында тұрғын үй саясатына үлкен ба­сымдық бергенін, аза­мат­тардың өмір сапасының озық көрсеткіші – тұрғын үй жайлы­лығының дең­гейін арттыру ба­ғы­тында үлкен міндеттер жүктел­генін айта келіп, өткен жылы  100 мың шар­шы метр баспананың қолданысқа берілгенін жеткізді. Пәтердің кілттері перинатал­дық орталықтың акушер-гине­ко­логы Юлия Ельцинаға, №2 қала­лық  емхананың мейірбикесі Ба­қытжан Қадырбековаға, учаскелік дәрігер Алтын Карабалинаға, тағы басқаларына салтанатты түрде табыс етілді. Олардың ара­сында медициналық академияны бітіріп келген жас маман Арман Мүсәйіповтің отбасы да бар. Жұмыс өтілі ширек ғасырға жу­ық­таған қалалық балалар емха­насының педиатры Мәриямгүл Са­риева жайлы баспана бұйыр­ға­нына дән риза. Кардиологиялық орталықтың мейірбикесі Оксана Ударцева еліміз тәуелсіздік алған жылы  еңбек жолын бастаған ек­ен. Содан бері бір салада тап­жылмастан еңбек етіп келе жат­қанын мақтаныш етеді. Өмір ЕСҚАЛИ, Петропавл.