• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2016

Ертең Астанада көлік қозғалысы шектеледі

305 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_53114" align="aligncenter" width="560"] Фото: astana.gov.kz[/caption] 27 шілдеде сағат 18.00-ден 23.00-ке дейін Астанада футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Астана» мен Шотландияның «Селтик» командаларының арасындағы матчқа байланысты Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары, Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі. Қала әкімдігі астаналықтар мен қала қонақтарына көлікпен баратын жерлеріне Орынбор арқылы айналып өтуге кеңес береді. «Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін арнайы трансфер ұйымдастырылады. Автобустар «Қазақстан» спорт кешені, Астаналық цирк, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің жанындағы (шығыс жағынан) тұрақтардан жүреді», деп хабарлайды қала әкімдігі. Дастан КЕНЖАЛИН