• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2016

Сабантой өтті сауықпен

641 рет
көрсетілді

Қарағандыдағы орталық саябақта татар және башқұрт халықтарының ұлттық мейрамы – Сабантой тойы өтті. Жұрт жауған жаңбырға қарамастан дәстүрлі мерекені соңына дейін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Сабантойға Қазақстандағы Татар­стан Республикасы өкі­летті өкілінің орынбасары Ольга Ульданова қатысып, Татар­стан президенті Рустам Минни­ханов­тың құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ, Қазан қаласынан арнайы келген Татарстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Бариева жиылған қауымның ал­дын­да ән шырқады. «Біз 1994 жылдан бастап Қара­ған­дыда Сабантой мерекесін өт­кізіп келеміз. Бұл мереке татар мен башқұрт халқының ғана емес, дос­тықтың мерекесі. Биыл біз ме­ре­кені Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнадық. Егемендік алғаннан бергі жылдар аралығында біздің елі­міз әлеуметтік және эконо­мика­лық тұрғыда қатты дамыды. Қол жет­кізген бұл табыстар қоғам­дағы тұрақтылық пен ұлттар ара­сын­дағы келісімнің арқасында мүм­кін болды», – деді шараны ұйым­­дас­ты­рушылардың бірі, «Ихлас» татар-башқұрт қоғамдық орта­­лы­ғының төрағасы Анвар Керейбаев. Сабантойдың ән мен жыр, би­мен өткен ойын-сауығына қала тұрғындары мен қонақтары бала­ларымен келіп, арнайы ұйымдас­тырылған түрлі шараларға бел­се­не қатысты.  Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ