• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
30 Шілде, 2016

Халық балықты неліктен аз тұтынады?

396 рет
көрсетілді

Балық өнімдерін тұтынудың әлемдік орташа көрсеткіші жан басына шаққанда 20 келіні құрап тұрған кезде Қазақстанда бұл көрсеткіш әлі күнге дейін 5 пайызға жетпепті. Бұл мәселе 28-29 шілде күндері Алматыда өткен ІІ Қазақстан Республикасының балық өсірушілер форумында жан-жақты талқыланды. Балық өнімдерін тұтынудың әлемдік орташа көрсеткіші жан басына шаққанда 20 келіні құрап тұрған кезде Қазақстанда бұл көрсеткіш әлі күнге дейін 5 пайызға жетпепті. Бұл мәселе 28-29 шілде күндері Алматыда өткен ІІ Қазақстан Республикасының балық өсірушілер форумында жан-жақты талқыланды. «Статистика бойынша балық өнімдерін тұтыну көлемі Қазақ­стан­ның әрбір тұрғынына шаққанда 4,5 келі шамасында ғана. Ал еліміз­дегі тағамтанушылардың оны тұты­ну көлеміне ұсынылған нормасы 14,2 пайызды құрайды. Өкі­ніш­­ке орай, өз елімізде ауланатын балық сапасы өте жоғары бол­ға­нына қарамастан басым бөлігі экспортқа кетіп жатыр. Қазақ­стан­ға сырттан әкелінетіні  түгел­дей дерлік бізде өндірілмейтін мұхит балықтары», дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Балық шаруашылығы жөніндегі басқарма басшысы Аян Бахиянов. Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Қуаныш Исабековтің сөзіне қарағанда, балық аулау көлемінің ең жоғары көрсеткіші елімізде 1975 жылы тіркелген. Онда 100 мың тонна балық ауланған. Өкінішке орай, одан кейін оның көлемі жыл өткен сайын кеміп,  1980 жылы 85,7 мың, 1990 жылы 68,6 мың, 2000 жылы 36,7 мың, 2010 жылы 51,7 мың, ал 2015 жылы 45,1 мың тонна көлемінде ғана болған. Мамандар балық шаруашы­лы­ғының мұншалықты кері кетуінің материалдық базаның ескіруі, дайындалып жатқан жаңа мамандардың заман талабына ілесе алмауы және мемлекеттік қолдаудың мақсатты түрде жүйелі жүргізілмеуі сияқты басты себептерін  атап көрсетті. Ал құзырлы мекеменің жауапты уәкілі Аян Бахияновтың айтуынша, балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаудың аздығына ең алдымен бұл саланың жалпы ішкі өніміндегі үлесінің 0,01 пайызды ғана құрауы түрткі болып отыр. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруа­шылығы ұйымының (FAO) ба­лық өнімдерін тұтынуда кіріс дең­гейі төмен елдеріне ұсын­ған мөл­шерінің өзі 14,6 келіні құрай­тын көрінеді. Сондықтан Қазақ­стан­ның әлемдік орташа көрсет­кішті айтпағанда,  отан­дық тағам­тану­шылар ұсынып отыр­ған 14,2 келіге жетуі әзірге ал­да­ғы бірер жыл­да қол жеткізер меже болмай тұр­ғанын аңғаруға болады. Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, журналист АЛМАТЫ