• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Шілде, 2016

Қытайлардың саны да, бойы да өсіп келеді

379 рет
көрсетілді

Қытайлардың бойы 10 жылда бір сантиметрге өседі екен. China Daily газетінің хабарлауынша, соңғы бір ғасырда оларда 10 сантиметрге өсім болған. Мұндай деректі басылым 1896 және 1996 жылдар аралығында жүргізілген статистикалық есептен алыпты. «Зерттеудің бас кезінде Қытайдағы ерлердің бойы шамамен 160 см, ал әйел­дердің бойы 150 см болған екен. Ал қазір ерлердің бойы 171,8 см, әйелдердің бойы 160 сантиметрге жетіпті», деп хабарлайды China Daily газеті. Ғалымдар пікірінше, басқа халық­тарда қытайлар сияқты бойының өсіп, салмағының артуы байқалмаған. Ал хан­зулардың дене тұрпатының өзгеруінің себебі, ас мәзіріне сүт және сүт өнімдерін пайдалануға байланысты, дейді ғалымдар.  Өйткені, бұл өнімдер сүйектің өсуі мен қатаюына әсер етеді екен. Сонымен бірге, олар қытай халқының толысуына соңғы бір ғасырда газдалған сусындар мен фастфудтың әсері болуы мүмкін дегенді айтады. «Қытайлардың жер жүзіндегі барлық жеміс-жидек, жан-жануарлар мен жәндіктерді жейтінін білеміз. Олар алдына не келсе, соның бәрін жей береді. Ханзулардың бойының өсіп, салмағының артуын осымен байланыстыруға болады», дейді ғалымдар. Ал жылқы мінезді, тамақты талғаммен жейтін  қазақтар туралы мұндай зерттеулер жүргізілмеген. Не болса да халқымыздың денсаулығына қоршаған ортаның әсері көп болатыны белгілі. Қазір дүние жүзінде қытайлардың саны да жыл өткен сайын көбейіп келе жатыр. Бұл – бұрыннан бері келе жатқан үрдіс. Олар ерте заманнан бері көбейіп келеді. Оған ең алдымен Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің әсері болған. Янцзы – Еуразиядағы, Хуанхэ Азия құрлығындағы ең ірі өзен. Бұл өзендер бұрыннан бері жылына екі рет егін береді. Сол себепті оның айналасында ауыл шаруашылығы ерте кезден игеріле бастаған. Басқа елдерде жаугершілік заман болып жатқанда, еті тірі, шаруақор қытай халқы осы өзендердің арқасында көбейе берген. Қолда бар деректерге қарағанда, қазір Қытай халқы 1 339 450 000 адамға жеткен. Дастан КЕНЖАЛИН «Егемен Қазақстан»