• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Тамыз, 2016

Жамбыл облысында 916 қылмыстық іс қаралды

266 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54307" align="aligncenter" width="560"] Орталық комуникациялар қызметінің Жамбыл облыстық филиалы[/caption] Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында облыс соттарымен 1061 адамға қатысты 916 қылмыстық іс қаралды. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында 894 адамға қатысты 798 қылмыстық іс қаралған болатын. Яғни, биыл соттармен 118 қылмыстық іске көп қаралды. Медиация рәсімдерін қолдану арқылы 156 қылмыстық іс қаралды. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс соттарындағы тергеу судьяларымен 1846 талап тілектер мен ұсыныстар қаралды. Оның ішінде 1802 қанағаттандырылып, 44 ұсыныс қанағаттандырусыз қалдырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық комуникациялар қызметі Жамбыл облыстық филиалының алаңында өткізілген брифингте қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нурмухаммат Абидов айтты. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында облыс соттарымен процестік келісімге сәйкес 19 адамға  жаза тағайындалды, оның ішінде 2 адамды бас бостандығынан айыру (10,5%), шартты түрде жазаға 4 адамды (21%) тарту мен 13 адамды бас бостандығынан шектеу (68,4%) бар. Оралхан ДӘУІТ