• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2016

Динозаврдың ізі табылды

277 рет
көрсетілді

Палеонтологтар Боли­вия­ның оңтүс­тігінен динозаврлар тұқымдасына жататын жыртқыш тероподтың ізін тапты. Осыдан 80 миллион жыл бұрын өмір сүрген тероподтың аяғының ізінің диа­метрі 1 метрден асады екен. Ғалымдар оның бойы 12 метрден асады деп жорамалдап отыр. Жалпы, тероподтар динозавр тұқым­дас­тардың ішіндегі ең көп таралғаны саналады. Олар басқа динозаврлармен салыстырғанда өте жылдам жүгіретін, қашықтан көре алатын болған. Жыртқыш басқа аң-құстарды айтпағанда, өзінің әлсіз «туысқандарын» да жей берген сияқты. Қазіргі түрлі қиял-ғажайып фильмдердегі тираннозавр делініп жүр­ген қорқынышты жыртқыш осы тероподтың бір атауы екен. Нұртөре САМАРҚАН